2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы.
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауына орай, Batys Hub инновациялық орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған мазмұнды танымдық іс-шара өтті. Аталған шараға Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің “Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі” мамандығы бойынша білім алып жатқан 1–2 курс студенттері қатысты.
Іс-шараға жауапты оқытушы: Ибрашева Назерке Жаннатқызы.
Іс-шара барысында:
жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, мобилография негіздері, фото және видео монтаждау тәсілдері, ChatGPT, Gemini платформаларымен жұмыс, CapCut арқылы сапалы контент жасау
тақырыптары бойынша пайдалы ақпараттар берілді.





