Алғашқы мүсінші: Хакімжан Наурызбаевтың 100 жылдығы
17 қыркүйек күні орталық кітапханада Қазақтың тұңғыш мүсіншісі,Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,қазақ өнеріндегі өшпес із қалдырған дара есім Хакімжан Наурызбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тұңғыш мүсінші» атты портреттік шара өткізілді. Бұл шараға 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының білім алушылары мүсіншінің өмір жолы, шығармашылық еңбектері мен жетістіктері туралы естелік видеолармен танысып,ұлы тұлғаның Қазақстанда мүсін өнерінің қалыптасып, өркендеуіне қосқан үлесімен жақын танысты.




