Балмұздақ Party
12 қыркүек күні студенттік парламенттің бастамасымен 1-курс студенттеріне арналған «Балмұздақ Party» шарасы өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар колледж парламентінің жұмысымен танысып, “Мақалды жалғастыр” ойынын ойнады, ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды. Кештің сәнін 103/9 а тобының флешмобы келтірсе, өнерлі студенттеріміз әсем әндерімен көрермен көңілін көтерген болатын.




