Бірге оқимыз
ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ клубы аясында
Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасын кеңінен талқыладық.
Шығармадағы тарихи шындық, трагедия, адам тағдыры мен автор көтерген терең философиялық ойлар жан-жақты сараланды.
Студенттер өз пікірлерін ашық айтып, кейіпкерлердің мінезі, оқиға өрбуі және шығарманың бүгінгі күнмен байланысы туралы қызу пікірталас жүргізді.
Әр қатысушы өзін толғандырған тұстарды бөлісіп, жаңа көзқарас қалыптастырды.
Шара студенттердің оқуға қызығушылығын арттырып, әдеби дүниетанымын кеңейтті.
Ұйымдастырушы: Бакытова Аида Ерболатовна




