Дублер күні: студенттер басқару үшін
2025 жылғы 30 қыркүйек күні «Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні» аясында «Дублер күні» өтті. Бұл ерекше күнде студенттер колледждің ішкі қызметімен тереңірек танысып, өздерін әртүрлі рөлде сынап көрді. Оқытушы-дублерлер шағын дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізді, Кітапханашы-дублерлер кітаптармен жұмыс жүргізді,
Ал директор-дублер колледж жұмысына жетекшілік етті.
Мақсатымыз – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, басқарушылық пен ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру болды.
Күн бойы өткен сабақтар, көңілді қоңырау және тренингтер студенттерге жаңа серпін сыйлады.




