Ұлттық даналық дәмі
2025 жылғы 19 қыркүйек күні колледжде «Даналыққа – дәм» атты акция ұйымдастырылды. Іс-шараны студенттік парламент мүшелері дайындап, өткізді.Акцияның басты мақсаты – ұлттық дәстүр мен халық даналығын дәріптеу, сондай-ақ студенттер арасында сыйластық пен ізгілік құндылықтарын насихаттау болды.
Іс-шара барысында студенттер келушілерге жылы лебіз білдіріп, әрбір дана мақал-мәтелге бір бауырсақтан ұсынды. Әрбір мақал өмірлік ұстаным мен тәлімнің маңызын еске салды.
Шара достық және рухани қарым-қатынас аясында өтті. Қатысушылар ұлттық дәмнен ауыз тиіп, жақсы көңіл-күй мен жағымды әсер алды.
Нәтижесінде, студенттер халқымыздың бай ауыз әдебиеті мен ұлттық тағам дәстүрінің мәнін терең түсініп, ұжымдық рух пен өзара сыйластық нығайды.




