Ұлттық спорт және жеңіс
2025 жылғы 20 қыркүйек күні «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4-курс студенті Газизов Ернұр қала күніне орай ұйымдастырылған республикалық арқан тартыс жарысына өз командасымен қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Бұл жетістік – студенттің спорттық шеберлігі мен табандылығының, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін насихаттауға қосқан үлесінің нәтижесі.
Газизов Ернұр – колледждің абыройын асқақтатып жүрген, ұлттық спортты дәріптеуші белсенді студенттердің бірі.




