Оқу жылының мерекелік ашылуы
02.09.2025ж күні колледж қабырғасында
«Білім күні.Бейбітшілік күні!» атты салтанатты шара оздырылды.
Салтанатты шараның мақсаты:
жаңа оқу жылының
салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын,патриотизм,еңбекқорлық,жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Міндеттері:
-білім алушыларға патриотизм,құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дамыту;
-өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру;
-қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету.
Шараға 1-курс студенттері мен ата-аналары және колледжіміздің педагогикалық құрамы толықтай қатысты. Топ жетекшілері салтанатты шарадан кейін топ ішінде тәрбие сағаттарын ұйымдастырды.




