Тәуелсіз күніне арналған «Erkin Mind Cup» дебат турнирі
Тәуелсіздік күніне орай өткен дебат турнирі 17-желтоқсан күні Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінде “Erkin Mind Cup” тақырыбында тартысты әрі мазмұнды дебат турнирі өтті. Турнирге 6 фракция қатысып, өзара білім мен ой ұшқырлығын сынға салды.
Турнир қорытындысы:“Орда” фракциясы – 1 орын (201-9а тобы)
“201” фракциясы – 2 орын
“Болашақ” фракциясы – 3 орын
“102”, “Тәуелсіздік”, “103” фракциялары Алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, ерекше белсенділігі мен шешендігі үшін Ақбулат Толғанай 🗣 “Үздік спикер” атанды! Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Тәуелсіздігіміз мәңгі, ойы еркін жастар көбейе берсін!




