Заң және тәртіп:жастармен диалог
2025 жылдың 2 желтоқсан күні «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінде жастарға құқықтық тәрбие беруге бағытталған кездесу ұйымдастырылды
Кештің арнайы қонағы –
Мырзахметова Асель Кажиахметқызы
БҚО Полиция департаментінің консультативтік-кеңесші органының мүшесі,
БҚО ПД есірткі құқықбұзушылықтарының профилактикасы кеңесінің мүшесі,
қоғам белсендісі
Жастарға есірткінің зияны, заң алдындағы жауапкершілік және дұрыс таңдау жасау жөнінде маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар шараға БҚО ПД кинологиялық қызмет мамандары қатысты:
Инспектор-кинолог, полиция сержанты Қадыржан Сайынов Аликұлы, Кіші инспектор-кинолог, полиция сержанты Кәрім Қуат Ергенұлы.
Қызметтік иттердің жұмысын көрсетіп, есірткі қылмысының алдын алудағы кинологтардың рөлі туралы мәліметтер ұсынды .
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды заңды құрметтеуге, есірткіден алыс болуға, қауіпсіз өмір салтын таңдауға шақыру




