Жастардың жүрегіндегі патриотизм
2025 жылдың 17 қыркүйегінде колледжімізде патриоттық рухты көтеруге бағытталған «Ерлік сағаты» өткізілді. Іс-шараны АӘД пәнінің оқытушысы Т.Е. Макпоз жүргізіп, жастарды ел тарихындағы батырлыққа толы кезеңдермен таныстырып, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға ықпал етті. Кездесу барысында студенттер халқымыздың азаттық жолындағы күресін, ел қорғаған батырлардың ерлік істерін еске алып, олардың қайсарлығы мен елге деген адалдығын үлгі тұтты. Сондай-ақ, бүгінгі қоғамда ерлік ұғымының маңызы, патриотизмнің жас ұрпақ санасында орнықты болуы, азаматтық жауапкершілікті сезіну қажеттігі жайында ой қозғалды. «Ерлік сағаты» студенттер үшін тарих пен қазіргі күнді байланыстыратын рухани сабақ іспетті болды. Мұндай іс-шаралар жас буынға Отанды қорғаудың қасиетті парыз екенін түсіндіріп қана қоймай, ата-бабамыздың ұлы мұрасын дәріптеуге, ардагерлерге құрметпен қарауға баулиды. Жастардың елін сүйетін, қоғамға пайдалы, адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына бағыт береді.




