2026 жылғы 23 қаңтарда колледжіміздің директоры З.М. Габдуллина мен Орал қалалық №7 «Айналайын» мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі А.С. Кенжегарина арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандум тараптар арасындағы серіктестікті нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуге бағытталған.
Меморандум аясында:
білім беру процесінде өзара әдістемелік көмек көрсету;
оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларының мазмұнын бірлесіп жетілдіру;
студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру;
оқу-өндірістік практика ұйымдастыру;
педагогикалық тәжірибе алмасу, ашық сабақтар мен семинарлар өткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, ынтымақтастық шеңберінде колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, мектепке дейінгі ұйымның жұмыс ерекшеліктері, кәсіби талаптар мен еңбек нарығындағы сұраныстар туралы пікір алмасу жүргізіледі. Бұл кездесулер студенттердің кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ маман ретінде қалыптасуына оң ықпал етпек.
Аталған меморандум екі тарап үшін де маңызды әрі нәтижелі серіктестік орнатуға, білім беру мен тәрбие беру саласындағы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік береді.




