Орал жоғары
гуманитарлық- экономикалық
колледжі

Орал жоғары
гуманитарлық- экономикалық
колледжі

қазақша

орысша
  Бас бет
Колледж туралы
Миссия
Педұжым
Басшылық
Лауазымдық нұсқаулықтар
WORLDSKILLS
Аттестация
Аккредитация
Жылдық жоспар
ҚНА
ОТІӘ жоспарлау
«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Жұмыс берушіге
Жұмысқа орналастыру
Фотогалерея
Жаңалықтар
БАЙЛАНЫСТАР
Ата-аналарға
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
  |   Талапкерге
Қабылдау ережелері
Мамандықтар
Қабылдау емтихандары
Оқу ақысы
  |   Сыбайлас жемқорлық картограммасы   |   Жұмысшы мамандықтар жылы  
  Оқу процесінің кестесіОқу процесінің кестесі   |   Бейне сабақтарБейне сабақтар   |   Сабақ кестесіСабақ кестесі  

Жаңалықтар

Жаңалықтар

29.01.2026  «Адал азамат» – біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асқан “Ұшқыр ой алаңы” зияткерлік сайысы

29.01.2026  “Ер жігітке тән мінез: тәртіп, жауапкершілік, заңға құрмет”

23.01.2026  «100 кітаппен – білім мен парасат биігіне» тақырыбында әдеби quiz

Барлық жаңалықтар

“Ер жігітке тән мінез: тәртіп, жауапкершілік, заңға құрмет”

“Ер жігітке тән мінез: тәртіп, жауапкершілік, заңға құрмет”

тақырыбында “Ерең еңбегі үшін” медалінің иегері, Орал қаласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Әнесов Мынатаубиік Таупикұлымен кездесу.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, заң мен тәртіп айы қарсаңында, колледждің ер студенттерімен “Ер жігітке тән мінез: тәртіп, жауапкершілік, заңға құрмет” тақырыбында кездесу өтті. Кездесу қонағымыз “Ерең еңбегі үшін” медалінің иегері, Орал қаласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Әнесов Мынатаубиік Таупикұлы. Жастарға ер азаматқа тән негізгі қасиеттер – тәртіп, жауапкершілік және заңға құрметтің қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

Әнесов Мынатаубиік Таупикұлы өз өмірінен мысалдар келтіріп, студенттерге азаматтық парыз, отбасы алдындағы жауапкершілік және қоғамдағы тәртіптің мәнін айтып берді. Ол заңға бағыну тек қана міндет емес, әр адамның жеке қасиеті екенін атап өтті. Кездесу барысында студенттер белсенді болып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қонақ әр сұраққа нақты жауап беріп, өмірлік тәжірибеден мысалдар келтірді. Студенттер өз ойларын бөлісіп, азаматтық, ерлік және жауапкершілік тақырыбында пікір алмасты.

Жастарға пайдалы кеңестер беріп, бойларындағы жақсы қасиеттерді дамытып, қоғамға үлес қосатын азамат болып өсуге шақырды. Бұл кездесу студенттер үшін үлкен тәрбие сабағы болып, ер азаматтық қасиеттердің мәнін терең түсінуге мүмкіндік берді.

Орал гуманитарлық колледжі Батыс Қазақстан, Орал қ., Асан Тайманов көшесі, 135

Тел: 8 (7112) 50-50-82, 50-02-84, 51-46-47
E-mail: ugk-uralsk@mail.ru
Copyright © OГК 1999-2026
Сайт жасау - студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика