2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері арасында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Qarzhy Sagshysy» ойыны ұйымдастырылып, белсенді түрде өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың онлайн кеңістікте қауіпсіз әрекет етуін қамтамасыз ету, кибербуллинг, хейт, жалған ақпарат пен интернеттегі басқа да теріс әрекеттерден қорғану дағдыларын қалыптастыру болды.
Ойын барысында қатысушылар: күмәнді хабарламаларды анықтауды, жалған аккаунттар мен алаяқтық әдістерін тануды, онлайн этика мен цифрлық мәдениетті сақтаудың маңызын түсінді.
Қатысушылар интернеттегі қауіптерге қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеріп, өздерінің цифрлық жауапкершілігі мен сақтығын арттырды.
Орал гуманитарлық колледжі Батыс Қазақстан, Орал қ., Асан Тайманов көшесі, 135