Салауатты таңдау, қауіпсіз өмір
17 қыркүйек күні оқу орнымызда жастарға арналған «Закладка» атты отандық фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Көрсетілімнің негізгі мақсаты – білім алушыларды есірткінің зиянды зардаптарынан сақтандыру, олардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтына деген құндылықтарды қалыптастыру. Фильм арқылы студенттерге есірткінің жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның дамуына қауіп төндіретіні түсіндірілді.




